Жаңалықтар
2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласының филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі.
Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның Астана филиалында «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есік күні өтті. Шараға 418 адам қатысты. Ашық есік күні аясында М.Шарипов Астана қаласының филиалының директоры жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы әңгімелеп берді.