Даулетбаева Раушан Жанбатыровна
Рад приветствовать вас в моем блоге!

 

 

 

Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде отбасы күні аталып өтеді. Биылғы 2019 жылда 8-қыркүйек – Отбасы күні.

 

Отбасы – барлығымызда болатын басты құндылықтың бірі. Туғандарымыз бен жақындарымыз күтіп , бар мейірімін аямай төгетін, біз күнделікті асығып, қуанышпен баратын жеріміз – ол отбасы. Әрине, бұндай мерекені біздің балабақша қалт жібермеді. Мерекені атап өту барысында балабақша қабырғасында «Менің бақытты отбасым» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, «Ақ босаға» атты отбасылық сайыс өтті.