Қазан айының соңғы күндерінде біздің балабақшада күз мерекесі аталып өтті. Апта бойы ән-күй залында мерекелік көңіл күй орын алды.
Балалар күз туралы ән шырқап, тақпақ айтып, би билеп, көңілді ойындар ойнады. Балалар тиін, аю, кірпі, саңырауқұлақ кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты. Ата-аналар, тәрбиешілер балалардың драмалық талантын бағалай алды.










