Қыркүйек айында біздің елімізде Қазақстан халқының тілдер мерекесін атап өтеді.
Осы жылы балабақшамыздың қабырғасында тілдер мерекесіне арналған көптеген іс-шаралар өткізілді. Балалар, ата-аналар және тәрбиешілер апта бойы өнерлерін көрсетіп, білімдерін толықтырды. Балабақшаның әр тобында еліміздегі басқа тілдес халықтарға арналған бұрыштар ұйымдастырылды. Әр түрлі тілдес халықтардың тақпақтары, өлеңдері шырқалып, билерін билеп , шығармашылық сайыс өткізілді.
«Мен үш тілді білемін» атты ересек топтары мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері арасында сайыс өткізіліп, балалар белсене қатысты.



























