2020 жылғы 17 қаңтарда №24 «Айналайын» балабақшасының ата-аналары үшін «Эмоционалды интеллект – табысты әрі бақытты баланы тәрбиелеудің құралы» тақырыбында тренинг өтті.
Тренер Муратова Асель, EACEIP (Еуропалық мәдени-эмоционалды зияткерлік жобалар ассоциациясы) эмоционалды интеллектті дамытудың сертификатталған тренері. Бұл іс-шараның мақсаты: ата-аналарды эмоционалды интеллекттің негізгі дағдаларымен таныстыру.
Балалардың ерте жасынан бастап эмоционалды интелекттерін дамыту, олардың келешектегі табысты болуын арттыра түседі. Эмоционалды интеллекті жоғары дамыған балалар болашақта кәсіби қызметте болсын, қаржылық тұрғыдар болсын табсты, әлеуметте оңай бейімделеді, сұранысқа ие, сауатты әрі бақытты, өз өмірімен қанағаттанған.
Ата-аналар: эмоция түрлерін, Плутчиктің эмоционалды термометрін, эмоция коктейлін, баланың эмоцияларын қалай түсініп, талдауды, олардың туындау себептерінғ отбасылық құндылықтар мен түсініктерді, бала тәрбиесіндегі міндеттердің шешу жолында эмоцияларды қолдану, көңіл-күйді өлшеу, өз эмоцияларын және баланың эмоцияларын басқару, коучинг стиліндегі тәрбие берудің 4 басымдылығы, баланың сыйластығына қол жеткізу, баланы дұрыс мақтау, таңдау күші. Гобсон таңдауы және тағыда басқа қажетті басымдылықтармен танысты.
Тренинг соңында ата-аналар өзі пікірлерімен бөлісе отырып, бұндай шаралардың қажеттілігін атап өтті. Ал біз болсақ, Асель Муратоваға тренинг өткізгені үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз!
https://sad-ainalain24.edugov.kz/ru/news/133-emotsionaldy-intellekt-tabysty-ri-ba-ytty-balany-t-rbieleudi-raly-ta-yrybynda-trening-tti.html#sigFreeId972ca20fc7















