2019 жылғы 14 ақпанда №24 «Айналайын» балабақшасы МКҚК жас психологтарға арналған «Табысқа апарар жол» атты семинар тренинг өтті. Семинар-тренингтің мақсаты жас мамандардың тұлғалық үрдістерін дамыту, ынталандыру тәсілдерімен таныстыру, өз-өздерін сенімді ұстауға дағдыландыру. Семинар-тренингтің барысында №24 «Айналайын» балабақшасының педагог-психологы Дуамбекова Алия Сарсенбаевна өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар №33 «Алтын дән» шағын-орталығының педагог-психологы Махметова Адия Жусупбековна мен №88 «Баян сұлу» балабақшасының педагог-психологы Ахметжанова Айнагуль Тасымовна іскери ойын түрлерін ойнатты. Қала балабақшаларының 34 жас педагог-психологтарының қатысуымен өткен семинар-тренинг өз мақсатына толығымен жетті. Жас мамандар кәсіби құзыреттілігін дамытып, шеберліктерін арттырды.
https://sad-ainalain24.edugov.kz/zhanaly-tar/107-tabys-a-aparar-zhol-atty-seminar-trening-tti.html#sigFreeIdd8caf0a706










